Ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияны аталған салаға мүлде қатысы жоқ кәсіпкерлер алып келген

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығына бөлінетін мемлекеттік субсидияны аталған салаға мүлде қатысы жоқ кәсіпкерлер алып келген.

Осылайша 18 миллион теңгеге жуық мемлекет қаржысы тиісті бағытқа жұмсалмаған. Олқылықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары анықтап отыр. Кейбір шаруалардың бір ғана техника үшін мемлекеттен екі мәрте субсидия алған. Бұдан бөлек тиісті құжаттарын толық тапсырмастан қыруар қаржы алған жәйттар да көзге іліккен. Қазір ведомствоның сарапшылары мен ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары фермерлерді қаржыландыру процедурасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Бауыржан Құсайынов, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасының жетекшісі:

- Паспорт бойынша қарасақ, бір ғана комбайн сатып алынған. Ал оның екі бірдей меншік иесі бар. Демек, бір техникаға екі рет субсидия бөлінген. Яғни белгілі бір компанияның құрылтайшысы бір тіркелсе, оның қызметкері ретінде тағы бір заңды тұлға тіркеледі. Бұл «Қолдау» порталында олқылық бар екенін көрсетті. Біз портал әкімшілігіне тиісті ұсыныстар жолдадық. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы басқармасы мен ауыл АШМ-не де ескертпелер жолданды.