Оралда 28 жастағы әйел сәбиін сатып жіберген

Оралда 28 жастағы әйел өзінің сәбиін сатып жіберген. Ол ауылдық жерде тұратын ерлі-зайыптылармен өзара уағдаласқан көрінеді.

Нәрестенің туғанына бір ай болған. Қылмыс туралы полиция қызметіне әлдекімнен хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшылары жедел әрекет ету нәтижесінде келіншекті ұстады. Қазір мән-жай анықталып жатыр. Полиция департаменті тергеу мүддесіне сәйкес өзге мәліметтерді беруден бас тартты.

Диляра Сатарова, жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

- Қазіргі таңда ҚР ҚК 135-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәлі тұлға 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.