425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодарда қымбат көліктердің айнасын ұрлаған күдікті ұсталды

  • 116
  • UPD: 12:03, 24.09.2021
Павлодарда қымбат көліктердің айнасын ұрлаған күдікті ұсталды

Полицияға Шапық Шөкин көшесінде тұрған Lexus көлігінің  270 мың теңге тұратын айнасын түнде біреулердің үптеп кеткені туралы хабарлама түскен.

Екі күнде азаматтардан дәл осындай 5 шағым түскен. Тәртіп сақшылары, жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұрлық үстінде қолға түсірді. Ол аймақтағы зауыттың бірінде жұмыс істейтін 30 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Күдікті айыбын мойындады.

Хабар 24 телеарнасы