426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жамбыл облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

  • 168
  • UPD: 20:32, 24.09.2021
Жамбыл облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Жамбыл облысы Жуалы ауданында жол апатынан екі адам қаза тапты. Қайғылы оқиға түнгі уақытта Бауыржан Момышұлы - Қошқарата бағытындағы тас жолда болған.

«Ауди» мен ЗИЛ жүк көлігі соқтығысқан. Қатты соққыдан өрт шығып, жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы өртеніп кетті. Ал ауыр жүк көлігін тізгіндеген азамат пен тағы бір адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазір жол-көлік оқиғасының себептерін анықтау үшін сараптама тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы