Қарағанды облысынан көлік ұрлаған күдікті елордада полицейді қағып кетті

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында 22 жастағы азамат көлік ұрлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция қызметкерлері көп ұзамай оның елорда аумағында жүргенін анықтады. Астаналық патруль қызметі заң бұзушыны тоқтатпақ болған. Алайда бөтеннің көлігін тізгіндеген жүргізуші қуғыншылардан қашып құтылудың бар амалын жасады. Тіпті полицейлердің бірін қағып кеткен. Жарақат алған тәртіп сақшысы ауруханаға жеткізілді, ал көлік ұрлаушы ақыры қолға түсті. Бұл іске қатысты тергеу амалдары басталып, қылмыстық іс қозғалды.