Оралда тренажер сымына оралып қалған бала жансақтау бөліміне түсті

Оралда 9 жасар бала ойын алаңындағы  тренажер сымына буынып қалған.

Ауа жетпей тұншыққан ол ес-түссіз күйде қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық  сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың хабарлауынша, қазір бала есін жиды, жағдайы қалыпқа келе бастаған. Ал полиция ата-аналарды балаларды қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертіп отыр.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы