426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Астана әуежайында кабель тұйықталып, түтін шықты

  • 122
  • UPD: 21:37, 26.09.2021
Астана әуежайында кабель тұйықталып, түтін шықты

Нұр-Сұлтан әуежайының халықаралық терминалында кабельдің қысқа тұйықталып, түтін шықты. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

«Халықаралық терминалда, ұшуға шығатын сегізінші жолдағы құбырдың жылыту кабелінен түтін шықты. Түтін гейттен терминалға жайылған. Бұл уақытта гейтте жолаушылар болған жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Тиісті қызметтер шұғыл әрекет етті. Әуежай штатты режимде жұмыс жасап тұр. Рейстердің кешігуі болған жоқ», – деді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шәлекенов.

Хабар 24 телеарнасы