426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтауда көп қабатты үйде лифт құлады

  • 96
  • UPD: 14:49, 27.09.2021

Ақтауда көп қабатты үйдің лифтісі бірінші қабаттан төменге құлап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға 17 шағын аудандағы тұрғын үй кешенінде болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Тұрғындар бір-біріне сыртқа шығуға көмектесті. Лифт ішінде 10 шақты адам болған. Арасында кішкентай балалар мен әйелдер бар.

Айта кетейік, полицияға және Төтенше жағдайлар департаментіне шақырту түспеген.

Хабар 24 телеарнасы