Ақтөбеде жол апатынан жас жігіт көз жұмды

Ақтөбеде көлік аударылып, 19 жастағы жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының тұрғыны Ембі қаласынан Юбилейное кенті бағытында келе жатқан.

«Ваз-2110» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдың сол жағына қарай аударылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 19 жастағы жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-1-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ақтөбе облысының Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыны ереже сақтауға шақырады», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.