Алматы облысында шаңды дауыл соқты

Салдарынан Алматы - Талдықорған тас жолында көлік қозғалысы баяулады. Шаңды дауылдан таяқ тастам жердің өзі көрінбей қалған.

Жағдайды жүргізушілердің бірі видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратты. Синоптиктер ауа райы өзгеретінін алдын ала ескерткен еді. Мамандар алдағы тәулікте желдің жылдамдығы 22 метр секундқа дейін жетуі мүмкін деп болжап отыр.