Жамбыл облысында ер адам есірткі заттарын дайындап жатқан кезде ұсталды

Жамбыл облысында Меркі ауданының 55 жастағы тұрғыны есірткі заттарын дайындап жатқан кезде ұсталды.

Кептірілген марихуананың салмағы 34 келіден асады. Ал каннабис өсімдігінің салмағы шамамен 44 келі. Күдікті аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша ірі көлемдегі есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін соталды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айыпталушының кінәсі дәлелденсе, бар мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.