Алматы облысының Ақсай шатқалындағы өрт толық сөнген жоқ

Алматы облысының Ақсай шатқалындағы әлі өрт толық сөндірілген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдай қызметкерлері тікұшақпен су шашып, қосымша топтар жасақтауда. Тұтанған аумаққа аэровизуалды бақылау үшін ұшқышсыз ұшатын аппараты бар жедел топ-дрон жіберілді.

Өртті сөндіруге облыстан 7 техника мен 25 қызметкер, сондай-ақ Ақсай орман шаруашылығының 70 қызметкері мен 15 техникасы және әскери техникалар жұмылдырылды.

Мамандар елді мекендерге қауіп төнбегенін айтады.