«Маңғыстаумұнайгаз» басшылары 5 жылға сотталды

«Маңғыстаумұнайгаз» басшыларына қатысты қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айыптылар 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қаржылық бақылау агенттігінің өңірлік департаменті 2017-2018 жылдары құқықтық қамсыздандыру департаментінің директоры мен оның орынбасарының жылжымайтын мүліктерді тіркеу және қалпына келтіру бойынша жалған келісімшарт жасасқанын анықтаған. 700-ден аса құжат Маңғыстау облысының мемлекеттік мұрағатында сақталған. Оларды қалпына келтірудің қажеті болмаған. Ал көшірмесі тегін берілетін еді. Белгілі болғандай, екінші тарапқа негізсіз 455 млн теңгеден аса қаржы аударылған.