Екібастұзда жұмысшы 10 метр биіктіктен құлап кетті

Жазатайым оқиға  Қонаев көшесіндегі ұйымдардың бірінің аумағында орын алған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖШС-нің  30 жастағы слесарі бөлшектеу жұмыстарын жүргізу кезінде биіктігі 10 метр алаңнан құлап кеткен.

- Салдарынан ер адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, - деді департаментте.