476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Іле Алатауындағы өрт үш күннен бері сөнбей жатыр

  • 199
  • UPD: 21:26, 28.09.2021
Іле Алатауындағы өрт үш күннен бері сөнбей жатыр

Іле Алатауында үш күннен бері орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жау Тянь-Шань шыршасын шарпыған. 26 қыркүйек күні түстен кейін тұтанған қызыл жалынды бірінші «Қазәуеорманқорғау» мекемесінің мамандары байқаған. Десантшылар мен төтенше жағдайлар қызметі дереу өртті сөндіруге кіріскен. Алайда тілсіз жауды ауыздықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Қазіргі уақытта қызыл жалын 5 гектар аумақты шарпыған. Өрт болған жерге көлікпен су апару мүмкін емес. Сондықтан оны өшіру де оңай болмай тұр. Топырақтың үстіне жиналған қылқан жапырақты қалдықтар қалың.

«Тауда жауын-шашын болмаса, органикалық қабат бықсып ұзақ жанады», - дейді мамандар. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Сол маңда отырған шопандар құрғақ шөпті өртеуі мүмкін. «Қала тұрғындары тауға шығып от жаққан», деген де болжам бар.

Бауыржан Төлепбергенов, «Қазәуеорманқорғау» РМКК бөлім басшысы:

- Жалпы таулы аумақта өрт сөндіру өте қиын. Барлық жерге көлік жете алмайды. Тіпті адам жете алмайтын жерлер болады. Сондықтан тікұшақпен су жеткіземіз. Өрт сөндіруге 13 рет тікұшақпен су төгетін құрылғымен су төгілді. Қазіргі таңда өрт әлі өшпеді. Адамдар жұмыс істеуде.

Хабар 24 телеарнасы