Ақмола облысында синтетика есірткіні жасырмақ болған оқушы ұсталды

Ақмола облысында тәуелділік тудыратын дәрілерді жасырмақ болған оқушы ұсталды.

Полиция кәмелет жасқа толмаған қыз баладан 230 таблетка тапқан. Бұл апиын санатты препараттарға жататын күшті анальгетик. Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, мұндай пластиналар жасөспірімдер мен жастар арасында кеңінен танымал. Өйткені олар адамның бойындағы күш-қуатын арттырып, көңіл-күйін жақсартады деп ойлайтын көрінеді.

«Алайда бұл препарат героиннің синтетикалық түрі. Сол себепті ол есірткіге тәуелділікті тудырады», - дейді тәртіп сақшылары.