Қора шатқалында өрт сөндіру жалғасып жатыр

Қора шатқалында өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Алаулаған отты өшіруге 100-ден аса адам мен 20 шақты техника жұмылдырылған.

Мамандар таулы аймақтағы орманды алқапты сақтап қалуға барынша тырысқанымен әзірге ол мүмкін болмай тұр. Құрғақ шөп тез тұтанып, бұталардың қызуы бет қаратар емес. Бүгінгі күнге дейін 25 гектар жер отқа оранды. Қызметкерлердің күшімен қатар тікұшақпен су шашу жұмыстары да жалғасып жатыр. Ескелді ауданының әкімдігі өрт сөндірушілерге ыстық тамақ жеткізіп беруді ұйымдастырған.