Елордада жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

Нұр-Сұлтанда ірі жол апатына 5 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жантүршігерлік жол апаты түнгі 12 жарым шамасында болған. Көпірде Toyota Camry және Nexıa Ravon көліктері соқтығысты.

Екі жүргізуші мен 3 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тек 1 адам аман қалған – 2002 жылы туған қыз. Ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген оның жағдайы ауыр деп бағаланды. Полицияның мәліметінше, жол апатына кінәлі – Toyota көлігінің 19 жастағы жүргізушісі. Жоғары жылдамдықпен ол қарсы жолаққа шығып кеткен. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.