425,25 492.05 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қызылордада бірнеше пәтер тонаған күдікті ұсталды

  • 137
  • UPD: 12:05, 30.09.2021
Қызылордада бірнеше пәтер тонаған күдікті ұсталды фото:

Қызылордалық полицейлер бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар 22 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол жеті үйді тонаған. Үй иелерінің жұмыста болғанын пайдаланып, қымбат телефондары мен тұрмыстық техникаларын және алтын бұйымдары мен ақшаларын үптеп кеткен. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында жас жігітті қолға түсіріп, уақытша ұстау абақтысына қамады. Күдікті өз кінәсын толық мойындады. Әккі ұры арам ісін жүзеге асыру үшін барлау жұмыстарын жүргізіп, тұрғын үйлерді бақылап отырған.

Әділжан Жүсіпов, қалалық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің бастығы:

- Аталған күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, яғни, ауыр санаттағы ұрлық қылмысын бірінші рет жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы