Павлодардағы кірпіш зауытында ер адам көз жұмды

Қайғылы оқиға кәсіпорындардың бірінің өндірістік цехында болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қыркүйек күні сағат 21:25-те жұмысшыны кірпіш дайындау білдегі жаншып кеткен.

– 58 жастағы ер адам алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады департаментте.

Облыстық еңбек басқармасында оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.