425,71 496.50 6.00
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағанды облысында автобус пен трактор соқтығысып, 21 адам зардап шекті

  • 134
  • UPD: 15:05, 30.09.2021
Қарағанды облысында автобус пен трактор соқтығысып, 21 адам зардап шекті

Қарағанды облысында қалааралық бағытта қатынайтын автобус трактормен соқтығысып, салдарынан 21 адам зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

5 адамның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Олар екі көліктің жүргізушісі және автобустың үш бірдей жолаушысы. Автобустың ішінде бас-аяғы 50 адам болған. Жеңіл жарақат алғандарға амбулаторлық көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберіліпті. Қазір полиция қызметкерлері тергеу амалдарын бастады.

Бақытжан Құдияров, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Қоғамдық көліктің жүргізушісі Саран қаласына қарай бағыт алып бара жатып, 22 жастағы азаматтың басқаруындағы тракторды басып озбақшы болады. Сол кезде соқтығысқан. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы