Солтүстік Қазақстанда марал аулаған қорықшылар ұсталды  

Солтүстік Қазақстан өңірінде қызмет етіп жүрген 2 қорықшы браконьер болып шықты.

Оларды жергілікті полиция қызметкерлері ұстады. Күдіктілердің автокөлігінде маралдың еті табылды. Олар тәртіп сақшыларына маралды атып, етін жіліктеген орынды өздері көрсетті.

Айта кетерлігі, жақында облыста марал аулау маусымы басталды. Бірақ атуға болатын жануар саны заңмен шектелген. Ол үшін әр аңшы рұқсат қағазын алуға міндетті. Ұсталған қорықшылардың қолында мұндай құжат болған жоқ. Олардың айтуынша, жергілікті тұрғындардың бірі етті алып кетуге уәделеген.