Елордадағы «Астықжан» сауда орталығы өртеніп жатыр

Елордадағы «Астықжан» сауда орталығының жиһаз салонынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Алдын ала ақпарат бойынша бүгін сағат 09: 42-де Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Аль-фараби даңғылы, 28 мекен-жайы бойынша өрт туралы келіп түскен хабарламаға шұғыл аттанған.

«Өрт сөндірушілер шақыру орнына 6 минуттың ішінде келді. Олар жеткенде «Астықжан» сауда орталығының 3-қабатындағы жиһаз салоны жанып жатқан. Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір елордалық 76 өрт сөндіруші мен 19 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды», - деп жазылған департаменттің дерегінде.