426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Екібастұзда кәмелетке толмаған жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

  • 121
  • UPD: 12:49, 03.10.2021
Екібастұзда кәмелетке толмаған жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті фото: news.myseldon.com/

Ер адам көшені «зебра» арқылы кесіп өтпек болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Жол апаты кеншілер қаласында Беркімбаев көшесінде болған. 34 жастағы жаяу жүргінші жарақатпен Екібастұз ауруханасына жеткізілді.

Зардап шеккен адамда жабық ми-қаңқа және мидың орташа ауыр жарақаты тіркелді.

Сонымен қатар II дәрежелі травматикалық шок, жабық кеуде жарақаты, екі қабырғаның жабық сынуы және сол жақ бұғана диафизінің жабық сынуы диагнозы қойылған.

«2004 жылы туған кәмелетке толмаған жүргізуші Volkswagen Passat автокөлігімен 1987 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жолды кесіп өткен», - деп хабарлады облыстың полиция департаментінде.

Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы