425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ШҚО әкімдігінің ғимараты өртенді

  • 132
  • UPD: 21:28, 03.10.2021
ШҚО әкімдігінің ғимараты өртенді Иллюстративті фото / 123.com

Өскемен қаласында ШҚО әкімдігінің ғимарында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, М.Горький көшесінде орналасқан әкімдіктің 5-қабатындағы кабинеттердің бірінде өрт шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Көк түтін тұмшалап алған қабатқа көтерілгенде қызыл жалын кілемді шарпып жатқан.

«Құтқарушылар жалпы ауданы 121 шаршы метрді құраған тілсіз жауды толықтай ауыздықтап, әрі қарай таралуына жол бермеді. Зардап шеккен ешкім жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі белгісіз болып отыр. Соған орай мамандар тексеру жүргізетін болады.

Хабар 24 телеарнасы