Павлодарда көп қабатты үйден ер адамның денесі табылды

Марқұмның денесінде пышақ жарақаттарының ізі анықталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Тұрғын үйлердің бірінің тұрғындары кіреберісте денесі қан адамды көріп, жедел жәрдем шақырған.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмадан сенбіге қараған түні шамамен сағат 02:00-де Академик Сәтбаев көшесіндегі үйден қоңырау түскен.

- Үйге кіреберістердің бірінде 2001 жылы туған ер адамның денесі табылды. Ер адамда жаншылған-кесілген жарақаттар байқалған. Медиктер оның биологиялық өлімін анықтады, - деді жедел жәрдемде.