Индербор кентінде әжетханадан жаңа туған нәресте табылды

Атырау облысы Индер ауданының Индербор кентінде әжетханадан шақалақ табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

31 жастағы келіншек әжетханада босанып, баласын лақтырып кеткен. Көршісі сәбидің іңгәлаған үнін естіп, жедел жәрдем шақыртқан екен. Нәресте дін аман. Сәбидің анасы аудан орталығындағы Өнер мектебінде еден жуушы болып жұмыс істейді. Қазір ол тергеліп жатыр.

Мейірім Ердәулет, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Индер ауданында 3 қазан күні сағат 12:00 шамасында 102 операторына әжетханада шақалақтың жатқандығы туралы хабарлама берген. Оның нәтижесінде қазіргі таңда шақалақ табылды. Күдікті азаматша да табылды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпараттар жариялануға жатпайды.