Талдықорғанда өрттен 52 адам құтқарылды

Талдықорғанда 5 қабатты үй өртенді. Әйтеуір адам шығыны жоқ. Мамандар қызыл жалынды дер кезінде сөндіріп үлгірген.

21 шаршы метр аумақ жанып кетті. Өрт шыққан кезде 50 шақты адамды қауіпсіз жерге көшірді. Қазір оттың неден тұтанғаны анықталып жатыр.