Жамбылда заңсыз аң аулаған әкім ұсталды  

Жамбыл облысында заңсыз аңшылық құрған әкім ұсталды.

Оқиға Талас ауданындағы Бөлтірік шешен ауылы маңында болған. Заңсыз аңшылыққа шыққан екі адамды «Сапсан» жедел жасағының қызметкерлері ұстады. Олар күдікті көлікті байқап дереу ізге түскен. Браконьерлер қашуға әрекеттенген. Атып алған төрт қырғауылды қалың шеңгелдің арасына жасырып үлгерген. Тінту кезінде 12-ші калибрлі 2 мылтық және 13 дана оқ тәркіленді. Ұсталғандардың бірі Кеңес ауылдық округінің әкімі екенін мойындады. Мемлекеттік қызметкерге айыппұл салынды. Ал қызметінде қандай шара қолданатыны белгісіз.

Кенжебек Абай, Мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің басшысы:

– Қырғауылдың жүретін жері. Сол жерге аңшылыққа барған. Заңсыз аңшылық жасаған. Ешқандай жолдамалық құжаттары жоқ. Бөлтірік ауылының әкімі. 1990 жылғы азамат. Сол өз кінәсін мойындап хаттамаға қол қойды. Әкімшілік айыппұл салынады. Хаттама толтырылды. Қаулы шығарылды. Енді төлейді.