Қызылордада екі жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Оған аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын сақтап, дайындап сатпақ болды деген айып тағылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдікті азамат жедел-іздестіру жұмыстары кезінде қала аумағындағы үйлердің бірінде жасырынып жатқан жерінде ұсталды. Қазіргі уақытта ол Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды.