Жамбыл облысында қарақұйрық атқан браконьерлер ұсталды

Тұқымы жойылып бара жатқан аңды Мойынқұм ауылының екі тұрғыны жайратып салған. Кейін терісін сыпырып, бас-сирағы мен етін бөлшектеп алған.

«Сапсан» жедел жасағының қызметкерлері із кесу арқылы анықтап соңдарына түскен. Күдіктілер екі бірдей көлікпен қашып құтылмақ болды. Жол-жөнекей заттай айғақтан құтылу мақсатында қарақұйрықтың бас-сирағы, терісін тастап отырған көрінеді. «Байғара» және «Құрманшейіт» тауларының тұсына барғанда көліктерінің сулары қайнап тоқтаған кезде қолға түсті. Тінту кезінде 12-калибрлі екі мылтық және 31 дана оқдәрі табылды. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Дәл осындай оқиға жыл басында Сарысу ауданында да тіркелген. Ол кезде Қызыл кітапқа тіркелген аңды атам деп бірнеше адам түрмеге қамалғанды.

Кенжебек Абай, мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің басшысы:

- Күндіз ұсталынып, сол Мойынқұмның криминалдық полиция шақырылып сол жерде тергеу амалдары жүргізіліп сол етілді. Жазасы енді көбірек болғанымен бұл жерде айыппұлы көбірек болады. Ана жерде бір бас 3,5 миллион болса мына жерде енді 7 миллиондай сондай болады.