Оралда көліктер соқтығысып, екі адам қаза тапты

Оралда көліктер соқтығысып, екі адам қаза тапты

Оралда екі автокөлік соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін шамамен сағат 16:15-те Абай даңғылы бойында болған. «Тойота» орталығы тұсында «Мерседес» пен «Лада Приора» автокөліктері түйісті. Соның салдарынан «Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. БҚО полиция департаменті жүргізушлерге жол ережесін бұзбау керектігін еске салады.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 17:05-те шақырылды.

Оқиға орнында шамамен 40 жастағы әйел мен 45-тегі ер адам қайтыс болды.

21 жастағы жігіт медициналық көмектен бас тартты.