Алматыда жылқы жануарын аяусыз ұрып соққандар анықталды

Алматыдағы ат спорты клубында жануарларды күрекпен аяусыз ұрып-соққандар анықталды. 

Қазір осы іске қатысты 5 тұлға күдікке ілініп отыр. Бұл туралы жергілікті полиция департментінің өкілдері хабарлады.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Алматыдағы спорт кешенінің бірінде қызметкерлердің жылқыларды сабағаны белгілі болды. Қатыгездік бейнеленген кадрлар әлеуметтік желіде тез тарап, көпшіліктің ашу-ызасын тудырды. Клуб иесінің сөзінше, оқиғадан 5 құлын зардап шеккен.

Сондай-ақ...