Өскеменде көшеде психотроптық зат сатқан ер адам ұсталды

Тәртіп сақшылары тінту кезінде күдіктіден 41 түйіншек тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәркіленген синтетиканың салмағы 23 грамды құрайды. Жеңіл пайда табуды көздеген ол Павлодардан келгенін мойындады. Өскеменде пәтер жалдап тұрған. Еліткіш заттарды сатып алушылармен алдын ала сөз байласып, оларды қала аумағында жасырып кетіп отырған. Қазір осы дерек бойынша іс қозғалды.