425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Үржарда екі қабатты баспананың шатыры өртенді

  • 83
  • UPD: 08:38, 12.10.2021
Үржарда екі қабатты баспананың шатыры өртенді kharkov.comments.ua

Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауданында түн ішінде 2 қабатты баспананың шатыры отқа оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарған. Ғимараттың аумағы 225 шаршы метр төбесі өртеніп кетті. Алдын ала болжам бойынша жылыту пешін қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ескерілмеген.

Хабар 24 телеарнасы