425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістан облысында балабақша қызметкері бес жасар баланы жертөлеге қамап қойған

  • 165
  • UPD: 13:37, 12.10.2021

Оқиға Түркістан облысының Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округіндегі «Ақ көгершін» балабақшасында болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы Нұрсұлтан Тошаев өзінің Facebook парақшасында видеомен бөлісті. Онда кішкентай бала қай жертөлеге қамағанын көрсетіп, қатты қорыққанын айтады. Бүлдіршіннің ата-анасы полицейлерге шағым түсіріп, қазір бұл іспен тәртіп сақшылары айналысып жатыр. Сондай-ақ білім бөлімінің психолог мамандары баламен жеке жұмыс жүргізуде. Қазір бұл іс аудандық прокуратураның бақылауында.

Хабар 24 телеарнасы