Қарағандыдағы экстремал әйелдің өлімі: нұсқаушы қамауға алынды

32 жастағы азамат қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді ол 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, 10 қазан күні экстремалды ойынға барған 33 жастағы әйел арқан босап кетіп, бетонға соғылған еді.

Бақытжан Құдияров, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

– Тергеу барысында полиция қызметкерлерімен 32 жастағы аттракционның нұсқаушысы анықталды және оның қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Қазіргі таңда күдікті ҚР процессуалдық кодексінің 128 бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.