Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Маңғыстау облысында үш көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы оқиға 13 қазан күні сағат 16:51 шамасында LPG Tradeгаз құю бекетіне қарама-қарсы жолда болған. Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Ақтау қаласынан Мұнайлы ауданына бара жатқан Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, инкассаторлық «ГАЗель» көлігімен және Daewoo Nexia машинасымен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ зардап шеккендердің бесеуі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді», – делінген баспасөз хабарламасында.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.