Ақтауда жол апатынан екі адам қаза тапты

Ақтауда қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Шаһарды Мұнайлы ауданымен жалғайтын тас жолда 3 автокөлік соқтығысқан.

Оқиға орнында 2 адам тіл тартпай кетті. Тағы 5 жолаушы түрлі деңгейде дене жарақатымен орталық ауруханаға түсті. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Куәгерлер алдымен қарсы жолақпен жүйткіген жеңіл машинаның инкассаторлық көлікпен соғысқандығын айтады. Сол мезет оларға Daewoo Nexia маркалы үшінші машина келіп қақтығысқан. Қазір осы дерек бойынша іс қозғалды.

Жаннұр Таңатарова, ПД бөлім бастығының м.а: 

- Жол апаты салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Тіркелетін жол-көлік оқиғаларының дені автокөліктердің қарсы бағытқа шығып кетуі себептерінен болып жатады.