Ақтауда көшеде жаға жыртысқандарды полиция іздеп жатыр

Жастардың арасында болған кикілжің соңы жаппай төбелеске ұласқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға 26 және 27 шағын аудандар аралығында болды. Сол маңдағы бейнебақылау құралдарына жазылған кадрлар зерттелу үстінде. Тәртіп сақшылары ауруханаға дене жарақатымен ешкім түспегенін айтады.