Оралда велосипед мінген ер адамды көлік қағып кетті

Оралда ауыр көлік ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға түнгі уақытта болды. Арнайы техника жүргізушісі жаяу жүргінші жолағында велосипед теуіп келе жатқан қала тұрғынын байқамай қалған. Зардап шеккен азамат ауруханада есін жимастан көз жұмды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.