Атырауда жол апатынан 19 жастағы жігіт қаза тапты

Кеше түнгі 11-лер шамасында Әбілқайыр хан мен Мәденова көшелерінің қиылысында Kia Rio және Mitsubishi Pajero автокөлігі соқтығысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тергеу жұмыстары басталды.

Айта кетейік, мұнайлы шаһарда жол ережесін өрескел бұзатындар көбейген. Өткен аптада мас күйінде көлік жүргізген 8 жүргізуші ұсталды.