Атырау облысында белгісіз жыртқыш ұсақ малды қырып жатыр

Доссор кентінің тұрғыны қорасындағы 4 ешкі мен 3 лақтың өлексесін көріп, әлеуметтік желіде бейнежазба таратты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыл тұрғындары малға тиген сілеусін болуы мүмкін дейді.

Азамат Шаңғалаев, Мақат ауданы әкімінің орынбасары:

– Мақат ауданы әкімдігіне қарасты елді мекен мен ауылдық округ әкімдерімен тұрғындарға үй-жайларының аумағын қауіпсіз жағдайда ұстау, отбасы мүшелерінің және малдарының ауыл сыртына мезгілсіз уақытта қараусыз жүрмеуі жөнінде әлеуметтік желі арқылы ескертпелер берілді. Елді мекендердің төңірегінде жүрген жыртқыш аңдарды анықтап, аулау мақсатында «Атырау облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамы» ҚБ хаттар жолданып, нақты тапсырмалар берілді.