Жамбыл облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Тағы алты адам жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жантүршігерлік оқиға таңғы сағат 7-де Тараз қаласы мен Сарыкемер ауылының ортасындағы жолда болған. Ауди мен ВАЗ автокөліктері бетпе-бет соқтығысып, соңғысының 27 жастағы жүргізушісі көз жұмды. Облыстық полиция таратқан ақпарға сәйкес Ауди көлігі қарама-қарсы жолға шығып кеткен. Қазір аталған дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалған. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді.