Қарағандыда полицейлер балаларды өрттен аман алып қалды

Электр желісінің тұйықталуынан үшінші қабаттағы пәтерде өрт шыққан. Төмендегілер өздері қашып шығыпты, алайда жоғарғы қабаттың тұрғындары қою түтінге тұншыға бастаған. Оқиға орнына келген патрульдік полиция полкінің инспекторлары Шынарбек Асылханұлы мен Дамир Мадалиев жоғарғы қабаттан 2 әйел мен балаларын алып шыққан. Алайда, соңғы сәтте тағы бір бүлдіршіннің үйде қалып қойғаны белгілі болады. Қарулы күштер сапында он жыл жұмыс істеп жүрген Шынарбек Асылханұлы ол баланы да құтқарып қалды.

Шынарбек Асылханұлы, қалалық ПБ патрульдік полиция инспекторы:

- Әкесі баламды маған лақтыр мен қағып аламын дейді. Мен жоқ, қазір есік ашады, алып шығамын балаңыз аман деп. Содан кейін пожарниктер келіп есік ашып, далаға шығамыз, сол моментте баланың шешесі мен әжесі күтіп алды. Қолдарына тапсырдық баланы. Скорый қарады, бәрі жақсы болды. 2 жасар бала. Алып шығып сол баланы ата-анасына қауыштырдым. Басқа ештеңе ойладым сол кезде.Өйткені ойланатын уақытта болған жоқ. Көк түтін ештеңе көрінбейді.

Қуаныш Бимағамбетов, қала тұрғыны:

- Артыма қарасам олар қалып қойды. Ойладым, бітті , құлаған шығар деп. Сосын подездегі бір әйелге баламды беріп артқа жүгірдім, бірақ кіре алмадым. Әкем келді, екі-үші жігіт болды оларда келді кіре алмадық. Сосын су алып шүберекпен бетімді жауып барғам болмады. Көршілер, өрт сөндіруші, скорый мен полицияға көп рахметімді айтамын. 