Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері өрттен 10 адам қаза тапты

Жыл басынан бері елордада 500 өрт оқиғасы тіркелді.

Жартысына жуығы жеке секторда болған. Қайғылы жағдайдан 10 адам қаза тапты. Қауіптің алдын алу үшін құтқарушылар арнайы рейдке шықты. Тұрғындарға өрттен қорғану жолдарын түсіндірді. Аз қамтылған отбасыларға улы газ белгілерін орнатты. Қазірдің өзінде 1200 баспана осындай құралмен қамтылды. Жыл соңына дейін тағы 500 үйге орнатылады.