Цирктегі аю аяғы ауыр жаттықтырушыға шабуыл жасады

Ресейдің Орёл қаласындағы циркте аю жаттықтырушыға шабуыл жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын ала мәлімет бойынша, оқыс оқиға ойын кезінде болған. Куәгерлер түсірген бейнежазбадан ер адамның бишіктің көмегімен ашулы айуанды ұрып, араша түсіп жатқанын көруге болады. Абырой болғанда, жүкті әйелге ештеңе болмаған. Бірақ ер адам жарақат алып, ауруханаға түсті. Тергеу комитеті мен прокуратура істің мән-жайын анықтауға кірісті.