Нұр-Сұлтанда мотоцикл жүргізушісі көлікпен соқтығысып, қаза тапты

Елордада мотоцикл жүргізушісі жеңіл көлікпен соқтығысып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«17 қазан күні сағат 16:54-те «Daewoo Nexıa» маркалы көліктің жүргізушісі Абылай хан даңғылының бойымен келе жатып, Жансүгіров көшесінің қиылысында мотоцикл жүргізушісімен соқтығысты. Ауыр жарақат алған мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты», – делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеп амалдары басталды.

Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде мұқият болып, жолда жүру ережесін сақтау керектігін ескертеді.