Air Astana ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға қайта қонды

Нұр-Сұлтан» рейсін орындап жатқан ұшақ техникалық ақауға байланысты ұшу орнына қайта оралды, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Air Astana әуекомпаниясының Embraer 190 Е2 ұшағын отырғызу штаттық режимде өтті. Ұшақ ауыстырылғаннан кейін жолаушылар сағат 21:50-де елордаға қайта аттанады. Қайтару себебі командир мен екінші ұшқыштың жол жылдамдығы индикаторы көрсеткіштерінің сәйкес келмеуі болды. Техникалық жұмыстар жүргізілуде. Ұшу алдында ұшақ барлық қажетті тексерулерден өтті», – делінген хабарламада.

Аталған әуекомпанияның мәліметінше, Embraer 190 Е2 ұшақтары Қазақстан бойынша және көрші елдерге қатынайды.

Алдыңғы Embraer 190 моделі флоттан шығарылды.