Қызылордалық жастардың жаппай төбелесі әлеуметтік желіде тарап кетті  

Қызылорданың қақ ортасында жастар жанжалдасып, соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты, деп хабарлайды Хабар 24 .

Түн жарымдағы топтық төбелестің әуесқой түсірілімі желіде тарап кеткен. Жасөспірімдердің бір-бірін аяусыз ұрып-соғып, тіпті жерге құлаған жігіттің басынан теуіп жатқаны куәгерлердің бейнетүсірілімінде анық көрініп тұр. Орталық алаңда жұдырықтасқандарды полиция қызметкерлері таратқан. Тәртіп сақшыларының айтуынша, олардың арасында зардап шегіп, ауруханаға жеткізілгендер жоқ. Қазір полицейлер тексеріс жүргізіп жатыр. 

Азамат Оспанов, қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары:

- Оқиға орнына полиция қызметкерлері уақтылы жетті. Төбелеске қатысқан 10-нан аса азамат анықталып, учаскелік полиция қызметкелеріне жеткізіліп, профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.